ШАРДАРАДА АУЫЗ СУ МЕН ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ДҰРЫС ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

1  417 көрілім

Түркістан облысы, Шардара қаласында бүгінде атқарылып жатқан ілкімді істер баршылық. Әсіресе, санитарлық тазалық пен ауыз су мәселелері оң шешімін тапқан. Бүгінде Шардара қаласындағы 5227 үйдің 94 пайызы құбыр суымен толық қамтылған. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1983-жылы салынған су торабына үздіксіз жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Тәулігіне 12 мың текше метр су жеткізетін қаланың бас су торабы бүгінде тұрғындарға ауыз суды 24 сағат пайдалануға мүмкіндік жасап отыр. Жазғы мезгілде тәулігіне 8 мың, қысқы мезгілде 5 мың текше метр ауыз суды қажет ететін шардаралықтарға беріліп жатқан судың сапасын арттыру үшін орталықтандырылған су құбырлары жүйелерін жуу жұмыстары да тұрақты жүргізіледі.

Өткен жылдың өзінде «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Шардара аудандық бөлімшесі орталықтандырылған ауыз су жүйесінің 16 жерінен алған үлгілері ауыз судың нормативтік көрсеткіштер сай екендігін анықтаған. Мұнан бөлек Шардара қалалық бас су торабының су тазарту стансасын жаңғырту мақсатында арнайы жоба әзірленіп, қолданыстағы су торабы қайта жаңғыртылған, суды тазалауда заманауи ультрафильтрациялық әдіс қолданылуда.

Сонымен қатар, қала көшелеріне түрлі декоративті ағаш көшеттерін отырғызып, ретсіз тасталған күл-қоқыстарды тазалау, түсіндіру жұмыстары да кеңінен қолға алынған.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы