КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР АУЫЛЫ ТУРАЛЫ ЕСТІГЕН БЕ ЕДІҢІЗ?!

3  656 көрілім

Түркістан облысы, Жетісай ауданына қарасты 1783 тұрғын үйі бар Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде 12061 халық тұрады. «Көпбалалы аналар округі» аталып кеткен елді мекен тұрғындарының негізгі күн көріс көзі – егіншілік пен мал шаруашылығы.

Өз кәсібін өркендету бағытында 2 азамат «Ырыс» микро қаржы ұйымынан 6,5 млн теңге, ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 5 азамат 7,9 млн теңге қаражат алып, мал шаруашылығын дамытуға қаражат алған. «Көпбалалы аналар саны мен жұмыссыздықтың алдын алу бойынша алдыңғы қатардамыз» – деген ауылдық округтің әкімі Нәлжан Әбдірайым жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыларға үй салуға учаске беріліп, мүмкіндігінше тұрмыстарын түзеуге жағдай жасалып жатқанын жеткізді.

Округ тұрғындарының 7,5 пайызы, яғни, 887-сі көпбалалы аналар. Нақтырақ айтсақ, өмірге 4-5 перзент әкелген аналардың саны – 390 болса, алтыдан он балаға дейін өмірге әкеліп, «Күміс», «Алтын» алқа таққан аналардың саны – 497. Өткен жылы округтегі 607 отбасына шартты, ал, 18 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілген.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы