КОРОНАВИРУС БЕЙҚАМДЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ

2  206 көрілім

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 105 586 адамға жетіп, вирус әлемнің 101 еліне таралып кетті, – деп жазады BAQ.KZ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім еткен. Соңғы тәулікте коронавирус Болгария, Коста-Рика, Молдавия, Француздық Гвианда, Мальдива, Мальта, Фарер аралдары мен Мартиника аралдарында анықталды.

Бір күн ішінде Қытайдан тысқары жерде 3 610 жағдай тіркеліп, 71 адам осы коронавирустан көз жұмған.

Бүгінде барша әлемнің назарын аударған 2019-nCov жаңа коронавирусын жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Әлемдік деңгейде үлкен ауқым алған бұл жаңа вирустың әлі күнге дейін емі табылар емес. 2019-nCov вирус вирионының түрі тәжге ұқсайтындықтан, жаңа латын тіліндегі сorona (күн тәжі) және viridae (вирустар) сөздерінің бірігуінен құралған. Ғалымдардың дерегі бойынша, коронавирустың алғашқы белгілері пайда болмай тұрып адамнан адамға жұға береді. Ауалы-тамшылы механизм арқылы жұғатын коронавирустың жаңа түрі неден және қалай пайда болғаны туралы бүгінде нақты ақпарат жоқ.

Көршілес Ресейде барлығы 17 адам коронавирус жұқтырған, оның екеуі Қытай азаматы, біреуі Италия азаматы. Қытайлық екі азамат пен бір Ресей азаматы емханадан жазылып шыққандығы анықталды. Қазақстанда коронавирус жұқтыру фактілері анықталмаған. Елімізге бұл індет келмеді деп қол қусырып отыра беруге болмайды. Оның алдын алу шараларына ден қою керек. Коронавирус инфекциясының нақты алдын-алу құралдары (вакциналар) әзірленбеген. Ауруды болдырмау үшін салауатты өмір салты ұсынылады, температура, мүмкін жаттығу және теңгерімді тамақтану. Маңызды әдістер – бір реттік медициналық маскалардың суық мезгілінде қолданылуы, жабық бөлмелерде бұқаралық сипат алатын іс-шараларды өткізбеу, қоғамдық көліктерге саяхат, күнделікті ауа ылғалдылығы және ылғалды тазалау қажет.

Қаламыздағы Түркістан жоғары медицина колледжінің эпидемиологы Е.Мұсатаев әлемді шарпыған коронавирустың қалай жұғатыны және оның алдын алу жолдарымен көпшілікті күресуге шақырып отыр. Сонымен маманның мәлімдеуінше коронавирустың басты таралу жолы ауа арқылы, жөтелгенде, түшкіргенде немесе осы инфекцияға шалдыққандармен тығыз байланыс орнатқанда жұғады екен. Жаңа вирус адамнан-адамға жақын байланыста болғанда, тыныс алу жолымен беріледі.

Коронавирустың басты белгілері қандай? Бастың ауруы, суық тию, кеуде тұсының ауырсынуы, пневмония, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі, есінен тану, тамақ ауруы, әлсіздік коронавирустың басты клиникалық көріністері болып отыр. Одан сақтану жолдарын назарға саламыз. Жөтелгенде не түшкіргенде ауыз бен мұрынды білекпен не матамен жабу, дене қызуы бар, не жөтелген адаммен қатты жанаспау, шикі не толық піспеген жануартекті өнімдерді тұтынбау, қол және тыныс алу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу, мұрынды изотон ерітіндімен жуу, иммунитетті арттыру, дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, бөлмені желдету, жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту қажет екенін дәрігер мамандар ескертеді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы