АТАУҒА СЕЛҚОСТЫҚ ТАНЫТҚАН

1  279 көрілім

Түркі жұртының мәдени ошағы саналған көк күмбезді Түркістан күннен күнге көркейіп, дамып келеді. Десе де, рухани шаһарымызда олқылықтар да орын алуда. Ол бойынша, өткен аптада қала әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, ретсіз жарнама, ретсіз сауда орындары бойынша рейд жүргізілген еді. Нәтижесінде, тілдік норманы дұрыс қолдану талап етілді.

Бүгінде қаламыздағы Б. Саттарханов даңғылы бойындағы «Алтын Ұя» қонақ үйінің қақ маңдайшасындағы көзге ұрып тұрған «У» әріпі. Қазақта «отбасы», «ұя» сөздері үлкен мән-мағынаға ие. Мәселен, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын алайық. Онда салт-сана, дәстүр, қазақ руханиятының қазынасы керемет суреттеледі.

Осындай қастерлі атауды қор қылып «Алтын Уя» деп жүрген жеке кәсіпкер бұл қателікті байқамағаны ма? Бұл тұрғыда қалалық ономастика мен тіл мамандары қайда қарап отыр? Жоғарыда аталған мамандармен байланысқанымызда ондай атаудың бар екендігін де білмейтін болып шықты. Мұндай жауапсыздыққа бізде ашынып, жазуға тура келді.

Өзін, жеке нысанның басшысымын деп таныстырған Баян Нысанбаева айтылған ескертуді, ескеріп 3-4 күннің көлемінде нәтиже шығаруға уәде берді. Ендеше, әліптің артын бағайық.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы