ЕКІ ЕЛДІҢ ҚАЛАМГЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ

1  265 көрілім

  Қалалық білім бөліміне қарасты В.Вахидов атындағы жалпы орта мектебінде қаланың «Құрметті азаматы», Қазақстан-Өзбекстан елдерінің атақты балалар жазушысы, көптеген кітаптардың авторы Ерназар Розметовтың 85 жылдығына орай кездесу кеші болып өтті. Кешті ұйымдастырған Шаға ауылдық округіне қарасты №9 кітапхана филиалының меңгерушісі О.Атакеева «Бір ауыл – бір кітап» акциясы аясында «Бала жанды ата» тақырыбында мектеп оқушыларымен кеш өткізді. Кеште сөз алған ауылдағы мешіт имамы С.Қаюмов, ауыл ақсақалы А.Мехманов, мектеп директоры М.Изатуллаевалар Е.Розметовты 85 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, балалар жазушысының өмір жолы және көптеген естеліктерімен бөлісті.

   Кеште мектеп оқушылары жазушының өлеңдерін жатқа айтып, ән мен билерін тарту етсе, мектеп ұжымы Е.Розметовтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Ұйымдастырушылар мен мектеп ұжымына алғысын білдірген Е.Розметов балалармен еркін сұхбат жүргізіп, өзінің құнды кітаптарын сыйға тартты. Кеш соңында Е.Розметов мектеп мұғалімдері және оқушылармен естелік суретке түсті.

Дилафруз ИБРАГИМОВА,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы