ҚАСИЕТТІ АЙДАҒЫ ИГІЛІКТІ ІС

1  210 көрілім

Қасиетті Рамазан айында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,  ақын Нұрмахан Назаров   «31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай  «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінде  болып, көрнекті қоғам қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Нәзір Төреқұловтардың рухтарына арнайы Құран   бағыштатты. Сонымен қатар,     ақын Нұрмахан Назаров   ғибратты естеліктер  айтып,  орталық мешіттің кітапханасына көрнекті қоғам қайраткерлерінің  өмірі жайлы жазылған  кітаптарды сыйға тартты.

Іс-шараға орталық мешіт қызметкерлері, «Нақып Алти» мешітінің имамы Н.Нурумбетов, «Ыждыхат» мешітінің имамы Д.Алимов, Н.Төреқұлов атындағы музейдің меңгерушісі Б.Жорабеков, мешіт жамағаттары  қатысты.

«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің  бас имамы Омар қажы Елеуұлы жастарға берер тәлім-тәрбиесі зор іс-шараның ұйытқысы болған Нұрмахан Назаров пен   Бақытжан  Жорабековке  алғысын жеткізіп, қасиетті Құран  кітабын сыйға тартты.

«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы