ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ ДАНЫШПАНЫ ДӘРІПТЕЛДІ

199 көрілім

2024 жылғы 29 наурызда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция күллі түркі әлеміне танылған Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеп-зерделеу, осы іс-шара барысында отандық және шетелдік ғалымдардың ізденістерін бір арнаға тоғыстыру, тұлғаның хикметтері мен даналық өсиеттерін оқу жүйесіне енгізу, сондай-ақ әлемдік деңгейде Ясауи мұрасын таныту мақсатында ұйымдастырылады. Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасына арналған конференция орта ғасырда қалыптасқан ағартушылық қызмет пен рухани танымдық мұралардың құндылықтарын ашып көрсетуді де басшылыққа алады.  

Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай ұйымдастырылған конференцияға қатысушылар Ясауи ілімін қазіргі таңда қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дамуындағы жетістіктердің өзегі ретінде танылуын қарастырады. Онда тұлғаның шығармаларындағы тіл, әдебиет, өнер, мәдениет, дін, философия, т.б. мәселелерді талқылап, орта ғасырдағы жазба деректер де зерттеу саласының бірі ретінде қарастырылып, мәтіннің тілдік құрылымын жан-жақты саралауды негізге алады.  

Конференцияға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңес Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, университет ректоры, э.ғ.к. Жанар Темірбекова, ректор өкілі, профессор доктор Пейами Баттал, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы және Ясауи мұрасын зерттеуші еліміз бен шетелдік ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, университеттің оқытушы-профессорлары, магистранттар, докторанттар мен студенттер қатысты. Сонымен қатар, жиынға қатысушы студенттерге ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы таныстырылып, оның қазіргі қоғамға қандай пайдасы бар екені туралы айтылды. Нақтырақ айтсақ, өзі дүниеден өтсе де, аты өмір сүріп келе жатқан барша Түркі жұртына ортақ тұлға Ясауи бабамыздың 1878 жылы алғаш рет жеке кітап болып басылып шыққан «Диуани Хикмет» шығармасы әр жас буынның оқуы керек кітап екені айтылды.

          Айта кетейік, конференция аясында 5 секция: Қ.А. Ясауи мұрасы және оның рухани танымы; Қ.А. Ясауидің мұраларын оқу-тәрбие үдерісінде қолдану; Қ.А. Ясауи еңбектерінің философиялық және тәрбиелік мәні; Орта ғасырдағы мәтіндер тілі: аударма, лингвистикалық талдау; Түркі әлеміндегі мәдениет және өнер бағыттары бойынша жұмыстарын бастады.

          Конференцияда қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи ілімін қазіргі таңда қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дамуындағы жетістіктердің өзегі ретінде танылуын қарастырды. Онда тұлғаның шығармаларындағы тіл, әдебиет, өнер, мәдениет, дін, философия, т.т. мәселелерді талқылап, орта ғасырдағы жазба деректер де зерттеу саласының бірі ретінде қарастырылып, мәтіннің тілдік, сөздік әрі коммуникативтік рөлін айқындауды әрі олардың категориялық терминдік құрылымын жан-жақты саралауды негізге алды.

Латиф Лотфуллах

ХҚТУ-нің 4 курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы