АРМЫСЫҢ, ӘЗ- НАУРЫЗ!

283 көрілім

Армысың, әз Наурыз! Иә, бүгін көктемнің жарқын мерекесі Әз Наурыз келді елімізге! Түлеп- түрленген жер-анамен, жасарған табиғатпен бірге адамдар көңілі де көтеріңкі. “Бұл заңды да. Көктен жауған жаңбырды да Алланың нұры” деп қабылдаған жұртшылық алақанын ақ жауынға тосып мәз болып жүр. Қайда қарасаңыз да ұлттық киім киіп, жарқыраған халық.

Бүгінгі “Керуен сарай” кешеніндегі іс- шара көктемнің өзі сияқты әдемі бимен, “Түркістан” әнімен басталды.

Бүкіл түркі әлемі тәу еткен киелі Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды түркістандықтарға құттықтау тілегін арнап, наурыз мерекесінің тоқшылық пен бірлік бастауы екенін, ұлттық мейрамымыз сонысымен де құнды екенін айта келіп, ұлттық мейрамның да, облысымыздың да мәртебесі жылдан- жылға биіктеп келе жатқанын, киелі шаһарды ң мәртебесі әлемдік деңгейге жететіндігін тілге тиек етті

Баршаңызды ұлыстың ұлы мерекесі Әз- Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ұлыс оң болғай! Наурыз молшылық пен! тоқшылықтың мейрамы.. Біз үшін бес мың жылдан бері тойланып келе жатқан айтулы мереке.Биылғы наурыз қасиетті рамазан айымен тұспа’ тұс келіп отыр. Оразаларыңыз қабыл болсын! Сарайшықта өткен ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев” Әрине, бүкіл әлем жұртшылығымен бірге қарсы алатын Жаңа жыл мерекесінен бас тартпаймыз. Бірақ, Әз- Наурыздың мәртебесін көтеріп, мазмұнын байыта береміз”- деген болатын. Осы бастама аясында елімізде ұлттық рухты көтеріп, сананы серпілтетін,қазақ мәдениеті мен дәстүрімізді дәріптейтін маңызды жобалар іске асырылуда – деді облыс басшысы.

Мәселен, биылдың өзінде ұлыстың ұлы күнінде, наурыз қарсаңында қаламызға 20 мыңнан астам туристер келеді деп күтілуінің өзі дүние жүзінің көне шаһарға қызығушылығы арта түскенінен хабардар етеді.

Өткен жылы Түркістан қаласында өткен ән фестивалінің жеңімпазы , наурыз мерекесіне арнайы келген әзірбайжандық дарынды әнші Лайлия Алиева ұлттық әнімізді орындап, жырдан шашу шашты. Құттықтау тілегін жеткізді.

Шіркін, наурыз мейрамының кереметтігіне көз тоймайды. Жағалай тігілген ақ шаңқан киіз үйлер,” ауыл жатыр той жасап, ат шаптырып- ай” деген ән жолдарындағыдай, Әз Наурызымыздың сән’ салтанатына тең келер ғажайып бар ма екен бұл дүниеде. Наурыз көжесі мен күмпиген бауырсақтары асылған қазандар мен қайнаған самауырлар,, әсем әні мен күмбірлеген күйлері, ұлттық ойындары мен қолөнер, көркем өнер көрмесі, театрландырылған концерттік қойылымдар! Қайсыбірін айтайық! Он екі айда бір айналып келетін молшылық бастауы- Наурызымыз құтты болсын!

Қала өнерпаздарының наурыз нақыштарына толы концерттік бағдарламасы әр ауданнан арнайы келген өнер иелерінің театрландырылған қойылымы мен концерттеріне ұласты. Той шашуын Түлкібас ауданы Сейдолла Бәйтерековтың “Күнге табыну” әнімен бастады. Күннің бұлттанып, жаңбыр себелегеніне қарамай мерекелік іс- шаралар жалғасуда. Түркістандықтар наурыз мерекесін осындай шат- шадыман көңілмен қарсы алып отыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Сондай-ақ, мерекелік іс- шара кезінде ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрлерімізге ерекше мән берілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы жас сәбидің тұсауын кесіп, болашаққа қадам басқан балапанға ақ жол тіледі.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған қадірлі меймандар ұлттық тағамдар дастарханын аралап көріп, наурыз көжеден ауыз тиді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы