«Жеті қазына» көшпенділер бағдарламасына сай Наурыз мейрамы тойланды

269 көрілім

Түркістан қаласындағы этно ауыл аймағында «Жеті қазына» көшпенділер бағдарламасына сай дүбірлі Наурыз мерекесі тойланды. Алғаш рет рухани шаһарға табан тіреген Қазақстан темір жол қызметкерлері Ұлы даланың дәстүрі мен салтын паш ететін мерекені ерекше форматта өткізді. 

Теміржолшылар этно ауыл аймағына жеті киіз үй орнатып, қала тұрғындарына наурыз көже, палау және бауырсақ таратты. Арнайы ұйымдастырылған шараға сала ардагерлері, теміржолшылар және қала қонақтары қатысты.

Сондай-ақ, мерекелік шара барысында спорттық түрлі жарыстар, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, «Жібек жолы» саябағында 30 түп көшет отырғызды.

Одан әрі теміржолшылар қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын дәріптейтін театрландырған қойылым қойып, музыкалық концерт өткізді. Ал көшпенді халықтың жеті қазынасына арналған «Жеті қазына» киіз үйінде айтылған деректер қала тұрғындарының ерекше қызығушылығын тудырды.

Одан бөлек, этно ауыл шағын қалашығында арнайы қонақтар үшін халық қолөнері бойынша шеберлік сыныптар және асық ату, арқан тарту, қол күресі сынды дәстүрлі спорттық сайыстармен жалғасын тапты. 

«Түркістан» ақпарат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы