ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

52 көрілім

Спорт күні – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие. Елде спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде. Қазақстандық спортшылар соңғы онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерді көрсетіп келеді. Мемлекеттің өзі беделді халықаралық жарыстарды өткізетін орынға айналуда. Бұл Қазақстанда спорт мәдениетінің жоғары деңгейде дамуының әлемдік мойындалуын көрсетеді.

 Осыған орай, Жетісайда спорт саласының майталмандарына арналған «Спорт күні» мерекесі қарсаңында, ауданаралық спартакиада ұйымдастырылды.

Кәсібилер арасында өткен сайыста кіші футболдан, арқан тарту және үстел теннисі түрлерінен жарыстар өтті. Сонымен қатар, аталған шараға аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов, спорт ардагерлері, және 100-ге жуық қызметкерлер қатысты. Бұл игі шараның мақсаты, спорт сүйер қауым арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып бұқаралық спортты дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Айта кетейік, спартакиада командалар арасында тартысты әрі қызықты өтті.

Жанкүйерлердің спортқа деген сүйіспеншілігін арттырған теңбіл доп шеберлері сайысының қорытындысы бойынша командалар арасында алға шыққан «Жетісай спорт клубы» құрамасы ІІІ орынға табан тіресе, ІІ орынға №2 БЖСМ командасы жайғасты. Жүлделі І орынды №1 БЖСМ командасының ойыншылары иеленді.

Ал арқан тартудан ІІІ орынды №2 БЖСМ құрамасы иеленсе, ІІ орын «Жетісай спорт клубы» мекемесіне, жүлделі І орынды «Ұлттық спорт клубы» мекемесінің жігіттері қанжығаларына байлады.

Сондай-ақ жылдамдық пен дәлдікті қажет ететін үстел теннисі бойынша ІІІ орынға «Жетісай» футбол клубының қызметкері Нұрсұлтан Пазилбеков, ІІ орынға №2 БЖСМ қызметкері Дәулетбек Мұханбет Әли, ал, І орынға «Жетісай спорт клубы» мекемесінің қызметкері Мақсат Қыдырша ие болды.

Сонымен бірге, спорт саласына еңбегі сіңген, бірқатар жеңімпаз шәкірттерді тәрбиелеп келе жатқан ардагер спортышалырымыз да назардан тыс қалмады. Ардагер спортшылар арнайы облысы әкімі Дархан Сатыбалдының және Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Сайыс қорытындысы бойынша, ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларға арнайы кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы