ҚАРАҚАЛПАҚТА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

283 көрілім

Ауданда мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ерекше аталып өтуде. Салтанатты түрде бірнеше жаңа нысандар ашылып, пайдалануға берілді. Нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып қатысып, лентасын қиды.Соның бірі – Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ елді мекеніндегі 25 азаматқа медициналық алғашқы көмек көрсете алатын дәрігерлік амбулотория. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

-Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында ауданымызда әлеуметтік маңызы бар тағы бір нысан ашылды. Дәрігерлік амбулаторияның ашылуы көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтуге, сапалы медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Сіздерді келе жатқан мерекемен құттықтаймын, зор денсаулық пен амандық тілеймін. Еліміз жыл сайын дамып, өркендей берсін, — деді аудан басшысы.

Дәрігерлік амбулатория осы елді мекен тұрғындарының саулығын қамтамасыз ету үшін, медицина мамандарының бар білімі мен біліктілігін салуға мүмкіндік бергелі отыр. Өйткені, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған амбулатория әрбір азаматтың диагнозын нақты анықтап, тиісті ем-шараларды дер кезінде қабылдауына жол ашпақ. Салтанатты шара барысында қуаныштарын бөлісуге келген аудан басшысына ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттәләк тілеп, ақ баталарын берді.

Ендігі жерде, дертіне шипа іздеген ауыл халқы осы пунктке келіп, дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша ем-шараларын қабылдай алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы