ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ “КҮЙ ҚҰДІРЕТІ” АТТЫ ГАЛА КОНЦЕРТ ӨТТІ

101 көрілім

Бүгін Ұлттық домбыра күніне орай «Күй құдіреті» гала-концерті өтті.

Мерекелік шараға Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауына қазылық еткен ҚР Мәдениет қайраткері, күйші-композитор Нұрлан Бекенов, профессор Сәлімгерей Садықов, Сүгір атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің бас дирижері Ерлан Дәуренбеков, дәулескер күйші Шыңғыс Исаев, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының магистрі, ұстаз Серік Пазылов пен елімізге танымал күйшілер қатысты.

«Бисұлтан» би ансамблінің «Дала толғауы» биімен басталған концерт ашық аспан астында ұйымдастырылды.

Қазақстанның халық әртісі Қажыбек Бекбосыновтың шығармашылығына арналған «Қазақтың Қажыбегі» атты ән жинақ көпшілікке жол тартты. Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялы филармониясы қазақ оркестрінің дирижері, ҚР Мәдениет қайраткері, күйші-композитор Нұрлан Бекенов жаңа жинақтың тұсауын кесті.

Амфитеатрда Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада «Тұмар» және «Саялы Сарыағаш» фольклорлық ансамблі мен «Күй құдіреті» республикалық күйшілер байқауының жеңімпаздары өнер көрсетті. Ал Астанадан келген Әділет Азбаев пен Олжас Мырзабек қос күй орындап, түркістандық көрерменнің рухын көтерді.

Сондай-ақ 100-ден аса қала тұрғыны дәулескер күйшілермен бірге бір мезетте «Балбырауын» күйін орындады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы