ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ДОМБЫРАНЫҢ ҚОҢЫР ҮНІ ДӘРІПТЕЛДІ

93 көрілім

Келес ауданында «Домбыра – асыл мұра» тақырыбында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік мәдени шара өтті.

Аудан тұрғындары шараны әдеттегідей мәдениет үйінің сахнасында емес, «Жеңіс» саябағында тамашалады. Жиналған қауым күй тарландарының шығармаларын тыңдады.

Ұлттық мұраларымызды насихаттауға арналған мерекелік шара Ә. Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

– Домбыраның үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған. Өйткені, қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым. Қастерлі аспаптың қос ішегіне халқымыздың бүкіл болмысы сыйып тұр, – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 12 маусымынан бастап шілде айының бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы