ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АСТАНА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

116 көрілім

6 шілде – Астана күні. Мемлекетiмiздiң басты қаласы Астана – елiмiздiң жаңару нышаны, қазақстандықтардың мақтанышы, Отанымыздың жүрегi, тәуелсiздiгіміздің тiрегi.

Еуразияның жүрегіне айналған Елорда күнін Жетісай жұртшылығы жоғары деңгейде атап өтті. Қаладағы орталық алаңда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай» аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Жаса, жайна – Астана» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.

ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшіліктің қаласы» атанған әсем де, арман қаланың 25 жылдығына арналған думанды іс-шарада аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу-шашып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Салтанатты шараға келген қонақтар Елорданың түрлі арман-қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан көркем қала екендігіне тоқталды. Қазіргі көркі, заман талабына үндесе көтерілген ғимараттары көрген жанды баурап алатынын, көңілдерді шарықтататынын айтып, жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан Астана күнімен бір-бірін құттықтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы