Кенеден келетін қауіпті аурудың алдын алу мәселесі талқыланды

111 көрілім

Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының төрағалығымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының өңірдегі эпидемиологиялық жағдайына қатысты ауқымды жиын өтті. Өңір тұрғындарының өміріне қауіп тудыратын аурудың алдын алуға бағытталған басқосуға Денсаулық сақтау басқармасы,  ҚР АШМ ВБжҚК Түркістан облысы Аумақтық инспекциясының, Түркістан облысының ветеринария басқармасы, ОҚҒЗВС-ы филиалы, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалдарының, ҚР ДСМ «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент обаға қарсы күрес станциясының өкілдері қатысты.

Департамент басшысы Нұрбек Нышанов облыста  жыл басынан бері 700-ге жуық адамды кене шаққанын, және бұл өте алаңдатушылық тудыратын мәселе екенін атап өтті.

«Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге  мемлекеттен жыл сайын  қомақты қаржы бөлініп, үлкен қолдау көрсетілуде. Мұның барлығы азаматтардың денсаулығына келетін зияндылықты болдырмау, табиғи ошақтарда улы кенелердің көзін жою болып табылады. Өкінішке қарай,  жыл сайын кенелерден зардап шегетін адамдардың саны көбеймесе азаймай отыр»- деді Нұрбек Садықбекұлы.

Жиынға қатысушылар кенелерді жоюдың тиімділігін  арттыру қажеттігі туралы пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Облыстың Бас мемлекеттік дәрігері Нұрбек Нышанов Конго Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы бойынша эпидемиялық жағдайды өршітіп алмау бойынша тиісті ведомствалармен білескен шараларды одан әрі дамыту қажеттігін , бұл мәселе СЭБД-нің жіті бақылауында екенін айтты.

Сондай-ақ, кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізумен айналысатын  Дезинфекция орталығының қызметкерлеріне залалсыздандыру жұмыстарын  адамдар демалатын көк шалғын жерлер мен төрт түлік мал жайылатын  жайылым, егін алқаптарында жүргізуге басымдық беру керектігі жөнінде ұсыныстар білдіріп, бірқатар тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы