ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 6 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫНАН СОҚҚЫ АЛДЫ

309 көрілім

Түркістан облысы Төле би ауданында 6-сынып оқушысына директордың орынбасары мен ата-аналардың бірі жұдырық жұмсаған. Бұл жөнінде  http://yassy-tur.kz/ хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 19 мамыр күні 1-мамыр ауылында орын алған. Оқиға барысында екі ер адам баланы ұрып, балағаттағаны дәлелденді. Бүгінде жеткіншекті  тәрбиелемек болғандардың әрекетіне қатысты тергеу басталды.

Жауаптылардың айтуынша, ұл бала сыныптас қызға тиіскен. Мұны әкесі естіп, мектепке келіп, жиналыс ашқан. Директордың орынбасар мен қыздың әкесі баланы ортаға алып, қол көтерген. Оқушыға жұдырық жұмсаған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары осыдан кейін өз еркімен жұмыстан кетті.

“Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары кінәсін мойындап, өз еркімен жұмыстан шығып кетті. Екінші мектептің психологы мен сынып жетекшісіне сөгіс жарияланды. Білім бөлімінің тарапынан қауіпсіздік сақтамағаны үшін мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды”, – деді Түркістан облысы Төле би ауданы бөлім басшысының міндетін атқарушы Бекайдар Тойлыбаев. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы