САРЫАҒАШТА ЕРТЕ ПІСЕТІН КАРТОП ЖИНАЛУДА

1  402 көрілім

Ауданымыздың диқандары ерте пісетін картопты жинауға кірісіп кетті. Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан “Айдын” шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда.

Биылғы жылы ауданда 10,5 мың га жерде көкөніс өсіріліп отырса, оның ішінде 3,0 га жуық жерде картоп көкөнісі өсірілуде. Аудан шаруалары ағымдағы жылы мол өнім алуды жоспарлап, еліміздің азық – түлік қауіпсіздігіне өз үлестерін қосуда

Ауданымыздың климаттық жағдайының қолайлы болуы себебінен, диқандарға голландиялық картоп түрінің тұқымын өсіру ыңғайлы болып келеді.

Осыған орай, ең көп картоп алқаптары: Жібек жолы, Қабланбек, Дербісек, Жемісті, Ақжар, Құркелес, Жарты төбе ауылдық округтерінде орналасқан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы