ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІ НЕГЕ АЛҒА ЖЫЛЖЫМАЙДЫ?

245 көрілім

Біз қала тұрғындары «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан» құрамыз деп жатырмыз. Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарының депутаттарын сайлап алдық. Алайда, қаламызда әлеуметтік мәселелер азаймай тұр. Азаймақ түгілі, қаламызға қоныстанушылар қатары көбейген сайын одан да ушыға түсуде.

Мәселен, қаламызда жер үй салып алу үшін жердің кезегінде тұрғандар саны он бес мыңнан асса, тұрмысы төмен, көп балалы, мүгедектердің үй алу кезегіндегілер отыз мыңнан асып жығылады. Ондаған жылдар бойы «инфрақұрылымы жасалмаған» деген желеумен қала әкімдігі жер бөлмей отыр. Жердің инфрақұрылымын сырттан біреу келіп жасап бермейтіндігі жұртшылыққа аян. 2011 жылдан бері үйдің кезегінде тұрғандар бар. Олардың ішінде бюджет қызметкерлері де бар. Бұрын үй кезегіндегі азаматтардың тізімін тұрғын үй коммуналдық мекемесінің дәлізіне іліп қоюшы еді. Қазір компьютерде бар болсаң болды. «Кейін кел» деп ештеңе көрсетпей қайтарып жібереді. Немесе «ипотекалық жолмен үй ал» деп үгіттейді. Біздің айлығымыз оған жетпейді. Сіздерден сұрайтыны-мыз тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімін қалалық «Түркістан» газетіне шығарып тұрсаңыздар әділетті болар еді деп ойлаймын.

Екінші мәселе, қала әкімдігі мен қалалық жолаушылар мен жол құрылысы бөлімі автобус бағыттарын дұрыстап ретке келтірсе екен деймін. №12, №3, №4 бағыттағы автобустарды қайта жүргізсе жөн болар еді. Себебі, ұл-қыздарымыз мектеп-балабақшаға барады. Мақта зауыт аймағымыздың азаматтары №24 мектеп, «Тұран» ауылына барып, жұмыс істейді. Үй салады. Басқа да жұмыстары бар.

Үшінші мәселе, «Бекзат» шағын ауданында Т. Әбуова көшесінде су жоқ. 2019 жылдан бері ауыз судың азабын тартып келеміз. Осыны кім ретке келтіреді?

Әбіләкім ЕСПЕНБЕТ,

зейнеткер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы