ТҮРКІСТАН МӘДЕНИЕТІН ӨРГЕ СҮЙРЕГЕН ЖАН

342 көрілім

Мен оқуды бітіріп, қызметке араласқан уақыттан бері Ұлжан апайды жақын тани түстім. Қадамын нық басып, өз ісіне берілген жанның Түркістан мәдениетін дамытудағы бір күндік ісінің өзі неге тұрады десеңші. Ұлжалғас Әбенқызын асыра сілтеп мақтай жөнелді демеңіздер. Ол кезде жәдігер шаһарымыз Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалардың бірі ғана болғаны белгілі. Соған лайық қамқорлық та аз еді. Осы тұста жоқтан бар жасап, Түркістан аспанын әсем әнге бөлеп, талайды тамсандырған мәдени іс-шараларды лек-легімен ұйымдастырып жататынын көзбен көрдік. Облыс, республика көлеміндегі мәдени байқауларда Ұлжан апайымыз бастап барған түркістандық өнер майталмандарының жүлдесіз оралғаны туралы хабар естімеппіз. Ұлжан апайымыздың бұл еңбегін жергілікті халық әлі күнге ұмыта қойған жоқ.

Апайымыздың ірілігі шығар, сол еңбектерін тізбектеп міндет етпейді. Қазіргідей саусағын сәл қимылдатса, желіге түркістандықтарды «мәдениетсіз» деген сыңай танытып, жалпақ жұртты «қаралауға» әзір тұратын жандарға Ұлжалғас Әбенқызының еңбегі, өмір жолы, оның халықпен жұмыс жасаудағы тәжірибесі үлгі болса екен дейсің шіркін.

Газетіміздің осы санында таяуда ғана өткен Ұлжан апайымыздың «Би патшалығының падишасы» атты бенефис шоуы жөнінде Роза Нарымбетова «Би падишасы» деген тақырыппен өз ойын жеткізген екен. Мақала редакциямызға түскен соң үнсіз ғана жариялай салуды азаматтығымызға сын деп таптым.

Мәлік ДӘУЛЕТОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы