ЕҚЫҰ-ДАН ҚАЗАҚСТАНҒА 400-ДЕН АСТАМ БАЙҚАУШЫ КЕЛЕДІ

286 көрілім

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинкте Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко алдағы сайлауға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 400-ден астам байқаушы келетінін айтты.

«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 400-ден астам байқаушылар алдағы парламенттік сайлауды байқау үшін Қазақстанға келеді. Айта кету керек, бұл халықаралық байқаушылардың ең үлкен миссиясы. Өткен аптада ЕҚЫҰ Миссиясының аралық есебі шықты. Халықаралық сарапшылар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан сайлау жүйесінің реформасына оң баға беріп, оның кейбір ережелері алдыңғы ұсыныстарға жауап беретінін атап өткен», – деп мәлім етті Роман Василенко.

Брифинг барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты көптеген еуропалық компаниялар біздің елге келуге ниет білдіріп жатқанын айтты.

Сонымен бірге министрдің орынбасары былтыр Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара тауар айналымы 27,6%-ға өсіп, 40 млрд долларға жеткенін атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы