МҰҒАЛІМДЕР ОТБАСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ – ЖАМИЛЯ МЫҢЖАНҚЫЗЫ

262 көрілім

Мұғалімдер отбасында дүниеге келген Жамиля, Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылында дүниеге келген.

8-наурыз қыз-келіншектерге гүл сыйлайтын мейрам ғана емес, олардың еңбегін елеп, елдің дамуына қосқан үлесі ерекше бағалайтын күн. Ал қазақ қыздары қай салада болмасын ерлермен қатар қызмет етіп келеді. Мәселен, күш пен ақылды теңдей қажет ететін құқық қорғау саласының қазанында қайнап, көпбалалы ана атанып, қара шаңырақта ата-енемен бірге тұратын полицей арулардың мақтауын қалай жеткізсекте жарасады. Осындай жанның бірі-полиция майоры Нұржігітова Жамиля Мыңжанқызы құқық қорғау саласында 10 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Ол бүгінде 4 баланы тәрбиелеп отырған асыл ана.

Бала кезден Ішкі істер органының қызметкері болуды армандаған. Шенді арудың арманы оны жетелеп, 2008-2010 жылдары ҚР ІІМ Ақтөбе заң колледжін қызыл дипломмен бітірген.

Ал 2022 жылдың қыркүйек айынан бері Түркістан облысы Полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімінде инспектор лауазымында қызмет атқарады.

Осынау шұғылалы мейрам қарсаңында, отбасымен бірге қиын саланы қатар алып жүрген сізге, сарқылмас күш-қайрат тілейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы