ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛ – АЙГЕРІМ

258 көрілім

Полиция департаментінде қызметін мүлтіксіз атқарып жүрген шенді аруларымыз өте көп. Солардың бірі Екінші арнайы бөлімнің инспекторы полиция аға лейтенанты Айгерім Абдрахманқызы Оразбек . Оның ішкі істер саласында қызмет атқарып келе жатқанына 20 жылға жуықтады. Алғашқы қызмет жолын 2005 жылы Мамандандырылған күзет басқармасынан бастаған. Абыройлы қызметі үшін Департамент басшылығынан түрлі алғыс хаттар алып, бүгінде жұмысын жүйелі орындап келеді.

-« Қолым қалт ете қалса, бос уақытымды отбасыма арнағанды жөн көремін. Бүгінде екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған анамын. Отбасымызбен демалыс күндері театрға барып, қойылым тамашалағанды жақсы көреміз. Болашақ шенді аруларға айтарым әйел адам әрқашан өзін бағалап, кез – келген қиындықты жеңе білуі керек. Сонда ғана діттеген мақсаттарыңызға оңай жетесіздер! »,- деп ақыл – кеңесін білдірді шенді ару.

Отбасы мен жұмысын қатар алып жүрген Айгерім Абдрахманқызын Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, қызметіне табыс тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы