КЕЛЕС: НАУҚАСҚА ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

346 көрілім

Келес аудандық ауруханасына шұғыл түрде асқазан ішек жолдарының қанау белгісімен түскен науқасқа эндоскопиялық ота жасалды. Білікті дәрігерлердің шұғыл әрекетінің нәтижесінде науқастың жағдайы тез арада жақсарып, қан кету белгілері тоқтап, үйіне шығарылды.

– Асқазан ішек жолдарының қанау белгісімен жан сақтау бөліміне түскен науқасқа шұғыл түрде тексеру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде өңештің көк тамырларының варикозды кеңейген тамырларынан қан кеткені мәлім болды. Сонымен қатар, қан кетумен қоса науқаста қан кету салдарынан ауыр дәрежеде қан аздық (анемия) анықталды. Ауруханамыз жан сақтау бөлімінің дәрігерлері, трансфузиология дәрігері және хирургия бөлімінің дәрігерлері тарапынан ұйымдастырылған жедел ем шаралар арқасында, оның ішінде қан құю, қан тоқтататын препараттар енгізіп, науқас жағдайын қалпына келтіріп эндоскопиялық қанап тұрған көк тамыр түйініне байлам салынып ота сәтті өтті, – дейді Келес «Абай» аудандық ауруханасының бас дәрігері Бекзат Сланов.

Айта кетейік, аталған отаның ерекшелігі манипуляцияның артықшылығы денеге ешқандай тілік жасамай, ауыр халдегі науқастардың өмірін сақтап қалуға себеп болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы