САРЫАҒАШТЫҚ ҰСТАЗДАР БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

314 көрілім

Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жуырда облыс мектептерінің директорлары мен орынбасарларына Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы «Заманауи мектепті басқару» компьютерлік оқыту симуляторын таныстырды.

Облысқа қарасты қала және аудандардан 49 мектеп командасы жиналып, мектепті басқарудағы 9 аспектіні 150 параметр бойынша 1500-ге жуық шешім қабылдап, заманауи виртуалды оқу ордасын құру мүмкіндігіне ие болды.

Жыл қорытындысы бойынша симуляция жобасын жоғары деңгейде ұйымдастырып, қысқа мерзімде дәйекті, мазмұнды жұмысымен облыстағы аудандар ішінде Сарыағаш ауданына қарасты №32 Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі директоры Жәмила Жолдасбекова және орынбасарлары Ғалымжан Бөрібеков, Нұрлыбек Садиев мектепті дамыту жолында 21 рет жұмыс ұсынып, 53 баллмен командалық жобасы үздік деп танылды. Осылайша, рейтинг бойынша бірінші орынды иеленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы