«Алаш азаматы – Серәлі Лапин»

638 көрілім

 Өткен ғасырдың басында қазақ халқы жолында жеке басын тәуекелге бел буып көптеген ұлы қазақ зиялылары, қайраткерлер дүниеге келген. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі тұста, әділетсіз, орынсыз «халық жауы» деп жала жабылып, саяси қуғын-сүргін көрген алаш азаматтары ақталып, баспа беттерінде тың, бағалы еңбектер жазылып, жариялануда.

Солардың бірі қайраткерлік бағасы өз денгейінде бүгінгі күнде ашылып анықталмаған тұлға Серәлі Мұңайтпасұлы Лапин биыл 155 жасқа толып отыр. Серәлі Лапин 1868 жылы Перовск уезі, Кеңтүп болысының 4-ші ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан білім алған зерек бала Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын, 1891 жылы Санк-Петербург университетінің заң факультетін бітіреді.

Ол Самарқан әскери губернаторының аудармашысы, Түркістан өлкесінде түрлі әкімшілік орындарда қызмет ете жүріп, халық мүддесін қорғауды өзінің басты міндеті санады. Жан-жақты білім иесі сәулет өнері мен оның сырын зерттеумен жүйелі түрде айналысады. Лапиннің қызмет тізімінде мынандай белестер бар: ол 1889-1892 жылдары Ташкенттегі Түркістан мұғалімдер семинариясында орыс оқушыларын жергілікті тілдерге жаттықтыратын репетитор, 1892 жылдан Самарқан облысы әскери губарнаторы жанында аудармашы, 1901 жылдан үзілістермен 1917 жылға дейін Самарқан,

Сырдария облыстарында адвокат болды. Серәлі Мұңайтпасұлы Лапин 1919 жылы Самарқанда белгісіз жағдайда қайтыс болды. Серәлі Мұңайтпасұлы еліміздің тарихында алдымен шығыстанушы, одан ағартушы және қоғам қайраткері ретіндегі өзіндік елеулі орыны бар тұлға болып қалыптасты. Қазақта ұлт тағдырын өз тағдырынан биік қойған ұлы тұлғаларымыз, халық  жадында есімдері жаңғырып, ұрпаққатарымызға  үлгі болып та келе жатыр.

Нәзір Төреқұлов музейінің қызметкері

Ташимов Бағлан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы