Қылмыс хроникасы

208 көрілім

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ

РӘСІМДЕУДІ ТҮСІНДІРДІ

Елімізге өткен жылы қыркүйек айының біріне дейін әкелінген көліктерді тіркеу шаралары 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап іске аспақ. Бұл туралы барынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, Түркістан облысы ПД-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфир ұйымдастырылды. Шараға спикер ретінде қатысқан Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: «Шетелдік көліктерді заңдастыру тапсырмасын орындау үшін Заң жобасы әзірленді. Бұл бір реттік акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.Ал Түркістан облысында шетелдік автокөлік құралдарын тіркеуге өтінім Түркістан, Сарыағаш қалаларында, Сайрам, Мақтаарал ауданында орналасқан 4 арнайы ХҚКО-ға қабылданады. Іздестіру базалары бойынша құжаттар мен көлік құралын тексергеннен кейін автомобиль арнайы ХҚКО жанынан тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады. Содан кейін алғашқы алым, техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баждар, сондай–ақ қажет болған жағдайда кедендік баждар төленеді. Тіркеу бекітілгеннен кейін көлік иесіне қазақстандық техпаспорт және мемлекеттік нөмір беріледі»-деп атап өтті.Сонымен қатар полиция полковнигі А.Тастанбеков, жоғарыдағы ақпаратты түсіндіру мен құқықтық кеңес беру бойынша тікелей эфирде желі қолданушылары тарапынан түскен 40-қа жуық сауалдарға жауап берді.

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 1,4 ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ЗАТЫ ТӘРКІЛЕНДІ

2022 жылы Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 225 дерек пен 249 есірткі теріс қылықтары тіркелді. Оның ішінде есірткі контрабандасы-100, есірткі сату-29 және т.б. жайттар. Заңсыз айналымнан 1,4 тоннадан астам есірткі тәркіленіп алынған. Сонымен қатар облыс сақшылары үй, аялдамалар мен ғимараттардың қабырғаларына «QR» адресін көрсете отырып трафарет граффити жазбаларын жазу арқылы есірткі заттарын жарнамалау, насихаттау бойынша 3 деректі анықтады.Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауында, синтетикалық есірткілермен күреске баса назар аударып, нақты тапсырмалар берген. Осыған байланысты облыстық полиция қызметкерлерімен синтетикалық есірткілерді таратумен айналысып жүргендерді анықтау, жолын кесу бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Мәселен 2022 жылы осындай деректерге қатысты облыс аумағында синтетикалық есірткілерді жасырып-сатумен (закладкалармен) айналысып жүрген Шымкент қаласының 4 тұрғыны құрықталды. Олардан жалпы 250 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы синтетикалық есірткімен байланысты 11 дерек анықталған.

Қылмыспен күресудің ең тиімді тәсілі – профилактикалық жұмыстар екені даусыз. Осыған орай полиция қызметкерлерімен орта, арнайы орта және ЖОО студент жастары мен оқушылар арасында есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруда қарқынды жұмыс жүргізілген. Есірткі қылмыстарының жауапкершілігі, есірткінің адам ағзасына зияндығы, дәріханалық нашақорлық және т.б. тақырыптарда облысымыздың басқа да ведомство өкілдерімен бірге 40 000-ға тарта адам қатысқан 145 профилактикалық іс-шара өткізілген.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы