ШАҺАРДА АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

122 көрілім

Мемлекет басшысы Жолдауында мемле­кеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қыз­метке кез келген заңсыз араласуы, биз­­несмендердің жұмысына кедергі кел­­тіруі мемлекетке қарсы жасалған ауыр қыл­мыс ретінде бағалануы керек еке­­ні және кәсіпкерлер шенеуніктер тара­пы­нан заңсыз қысым көрсе, бірден про­куратура органдарына жүгіну қажет­тігі айтылған болатын. Бұл тапсырма не­гі­зінде «Прокуратура туралы» Заң­ға өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізі­ліп, бизнесті қорғауда прокуратура рөлі күшейтілген. Енді кәсіпкерлік субъек­тілердің шағымдары бойынша про­ку­рорлар мемлекеттік органдарда тіке­лей тексеру жүргізу мүмкіндігіне ие бол­ды. Түркістан қаласы прокурорының айтуына қара­ғанда, заңнаманың жаңа талабына сүйене отырып тексерілген қалалық сани­тарлық-эпидемиологиялық бақы­лау басқармасында көптеген жүйелі заң бұзушылық анықталған.

Атап айт­қанда, 11 кәсіпкер заңсыз әкімшілік жауап­тылыққа тартылған, керісінше 134 тұлға әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылып, бюджетке 11 млн теңге айып­пұл түспей қалған, 8 кәсіпкерге сани­тарлық-эпидемиологиялық қоры­тынды беруден негізсіз бас тартылса, 2 кәсіпкерге қорытынды заңсыз бе­ріл­ген, 6 кәсіпкердің өтінішіне жауап кеш берілген. Прокуратураның ұсы­нуы негізінде 11 кәсіпкердің құқы қор­ғалып, басқарманың 3 қызметкері әкім­шілік жауаптылыққа тартылды, 5 қыз­­мет­кер мемлекеттік қызметке кір кел­­тіретін теріс қылықтар жасағаны үшін лауазымдарынан босатылған. Ал бас­қар­ма басшысы тексеру барысында өз ер­кімен қызметінен кетті. Осылай­ша, про­ку­рорлық тексеру нәтижесімен бас­­қарма құрамы толығымен дерлік жа­ңар­­тылды. «Сондай-ақ Мемлекет бас­шы­сының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында кылмыстық істер бойынша прокурорлардың айыптау актіле­рін дайындау құзыретін кезең-кезеңімен кеңейту тапсырылған-ды. 2022 жылдан бері прокурорлар барлық аса ауыр қыл­мыс­тар бойынша айыптау актісін өздері жа­сауға кірісті. Мысалы, Түркістан қа­ла­сының прокуратурасы биыл 4 аса ауыр қыл­мыстық іс бойынша айыптау акті­сін әзірлеп, сотқа жолдады. Келесі ке­зең­дер­де прокурорлар 2023 жылдан бас­тап бар­лық сыбайлас жемқорлық, ал 2024 жыл­дан бастап қалған қылмыстық істер бо­йын­ша да айыптау актісін өздері әзір­лей­ді. Бұл тәсіл прокурорлардың айғақ­тар­ға тәуелсіз баға беру механизмін, адам­­ды айыптап сотқа жолдағаны үшін жауап­­кершілігін күшейтті», – дейді қала прокуроры.

Қаңтар оқиғасы кезінде Түркістанда да аздаған топ жиналып, тіпті арандатушы­лық әрекеттер жасауға талпынған болатын. Бұл орайда қала прокуроры жер­гілікті атқарушы және құқық қорғау орган­дарының үйлесімді жұмысының нәти­жесінде «Қасіретті қаңтар» кезінде қала аумағында жаппай тәртіпсіздік пен то­наудың алдын алып, қоғамдық-саяси ахуал­дың шиленісуіне жол беріл­ме­генін айтады. Заңсыз жиналыстар мен шеру­лерге қатысқан 123 адам поли­цияға жеткізіліп, әкімдік, прокуратура қыз­меткерлері, қоғам белсенділерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстарынан кейін қайтарылған, ал 15 адамға ресми заңға түсіндірме берілген. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін 22 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынды. Бұзақылық жасаған немесе заңсыз қару сақтаған 4 адам қылмыстық жауапқа тартылып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. «Жалпы, қала прокуратурасы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау, яғни қылмыстық қудалау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау барысында соңғы 3,5 жылда қылмыстық істер бойынша 622 нұсқау беріп, 58 рет процестік прокурор тағайындалды, 697 заңсыз қау­лының күші жойылды, 44 іс қосымша тергеуге қайтарылса, прокурормен 9 қылмыстық іс және 36 жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылды. Жасырылған 23 қылмыс анықталды, қалалық полиция басқармасының қызметтік бөлмелерінен заңсыз ұсталып отырған 14 адам босатылды. Заң бұзушылықтарға жол берген 111 полиция қызметкері тәртіптік жауап­тылыққа тартылды. Мемлекеттік айып­тауды қолдау және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қада­ғалау саласында прокурорлар соттар­да қаралған 747 адамға қатысты 650 іс бо­йынша мемлекеттік айыптауды қолдаған. Апелляциялық өтінішхаттар негізінде 6 адам­ға қатысты 3 іс бойынша үкімдер өз­гертілді. Соңғы 3,5 жылда қадағалау акті­лері бойынша 132 970 жеке және заңды тұлғаның, соның ішінде 5 898 кәсіпкер мен 78 395 кәмелетке толмаған баланың құқықтары қорғалды. 5 981 заңсыз құ­қық­тың актінің күші жойылған немесе заңнамаға сәйкестендірілген. Тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа 451 адам тартылды. Тексеру нәтижесімен тіркелген материалдар бойынша 6 қылмыстық іс қоз­ғалды», – дейді Жаннұр Асқарбекұлы.

Қала прокурорлары соңғы 3,5 жылда кәсіпкерлер құқықтарының сақталуына қатысты 20 арыз-шағымды қарап, 7 заң бұзу­шылық анықтаған, 8 қадағалау ак­тісін енгізген. Нәтижесінде, 5 900 кә­сіп­кер­дің құқы қорғалған. Кәмелетке тол­ма­ған бала­лар мен әлеуметтік жағынан осал топ­тарға жататын адамдардың құ­қын қорғау әрқашан ерекше назарда. Мы­салы, прокурорлық қадағалау актілері негі­зінде қамқорлықсыз қалған 18 бала тұр­ғын үй кезегіне қойылған, мектептерде заң­сыз сақталған адам денсаулығына қауіп­ті 2 мыңнан астам люминесценттік шам­дар жойылып, 29 мың оқушы мен мек­теп қызметкерінің құқы қорғалды. «Түр­кістан су» кәсіпорны мүгедектер са­­нат­тағы 88 тұтынушыға 1 380 000 тең­ге мөлшерде коммуналдық қызметінің шы­­ғындарын өтеп бермегені анықталып, құ­қық­­тары қалпына келтірілген. Тұрғын үй кез­егінен заңсыз шығарылған әлеу­мет­тік осал топтағы 14 отбасы анықталып, қай­­тадан кезекке қойылыпты. Халықты жұ­мыс­пен қамту орталығы «Еңбек» мем­­ле­кеттік бағдарламасымен жұмысқа орна­лас­тырылған азаматтардың мін­детті зей­нетақы жарналарын уақтылы аудар­ма­ғаны анықталып, 1 684 жұмысшының құқы қалпына келтірілген.

Заңды білу – заман талабы. Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты.Азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпауда. Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс. Себебі, біздің өз құқығымыз бен заңды жетік білуімізден жауапкершілігіміз туындайды. Әрине, барлық адамның заң баптарын жаңылмай айта алуы шарт емес. Десек те, адамның өмірі мен қызметіне қатысты құқықтық-заңдық сауаттылығының тым төмен болуы оны талай бас ауыртар мәселемен бетпе-бет жүздестіруі мүмкін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы