ЖАҢА МОДЕЛЬ ТЕРГЕУДІҢ САПАСЫН МЕН ЖЕДЕЛДІГІН ДЕ АРТТЫРУДА

143 көрілім

Түркістан қаласы прокуратурасының қадағалауына жататын негізгі орган – Түркістан қалалық полиция басқармасы. Онда тергеу аппараты 35 қызметкерден тұрады. Олардың жұмысын қадағалауды 6 прокурор жүзеге асырады. Жаңа модельге сәйкес жұмыс басталғалы 1 жыл 5 айда Түркістан қалалық полиция басқармасы жалпы 3428 шешім қабылдаса, прокурорлар оның 178 келісуден/бекітуден бас тартқан, 3262 келіскен/бекіткен. Басым бөлігі – күдікті деп тану (жалпы 1029, оның 15 бас тартылған, 1014 келісілген) және күдіктінің әрекетін саралау (708, оның 5 бас тартылған, 703 келісілген). Яғни, адамның тағдырына қатысты барлық шешімдер прокурордың сүзгісінен өтіп, ол негізсіз деп тапса, келісілмей, тергеушіге кері қайтарылады.

Бұл ретте осы процестер электронды түрде онлайн форматта жасалады. Тергеушінің қаулысы электрондық жүйемен бірден прокурорға түседі. Егер шешім заңды болса, прокурор цифрлы қолтаңбамен қол қойып бекітіп береді.

2021 жылдан бастап прокурор іс бойынша адамның құқығы мен бостандығын қозғайтын барлық негізгі процестік шешімдерді келісіп бекітеді (адамды күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, іс-әрекетті немесе қылмысты қайта саралау, тергеу мерзімін үзу, істі тоқтату).
Жалпы жаңа модель тергеуші мен прокурорды тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге итермелеп, тергеудің сапасын да жеделдігін де арттырды. Ең маңызды нәтижесі – адамдардың конституциялық құқығын бұзуға жол берілмеді. Оған дәлел – осы мерзімде қала прокуратурасы сотқа жіберген істер бойынша бірде-бір ақтау үкімі шығарылмаған. Бұл, бір жағынан, айыптау үрдісінің азаюының белгісі.
Екіншіден, Мемлекет басшысы жоғарыда аталған Жолдауында мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керек екенін және кәсіпкерлер шенеуніктер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бірден прокуратура органдарына жүгіну қажеттігін атап өтті.

Бұл жаңашылдық, жоғарыда айтып өткендей, қылмыстық істердің санаттары бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі. Биылдан бастап прокурорлар тек аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актілерін жасауды, келесі жылдан бастап – сыбайлас жемқорлық істері бойынша, ал, 2024 жылдан бастап барлық санаттағы істер бойынша акті жасау құзыреті прокурорға өтеді.

Бұл өкілеттер біздің қолға билік қана емес, жауапкершілік те жүктеді. Егер, сот кезінде істе олқылық анықталса, жауапкершілік шешімдерді бекіткен, айыптау актісін жазған прокурордың мойнына артылады. Сондықтан, ең бірінші кезекте біз бұл өкілеттіктерді қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін пайдаланатын болады.

Енді, осылардан біз не түйеміз? Қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу оң өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Тергеу сатысында прокурордың рөлі күшейді. Нәтижесінде, жаңашылдық енгізілгелі соттар қылмыстық істерді қайта тергеуге сирек қайтара бастады. Яғни, прокурордың қатысуымен, бекітуімен іс тергеуінің сапасы артты.

Сонымен қатар, әрбір қылмыстық іс тіркелген сәттен бастап прокурорлық қадағалаудың күшеюінің арқасында соттардың да, прокурорлардың да оларды қайта тергеуге кері қайтаруы азайды. Ал, бұл, өз кезегінде, уақыт үнемдейді, тергеу созбалаңға салынбайды және қылмыстық процеске тартылған адамдардың құқықтарын барынша қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы