ПСИХОЛОГТАР ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДІ

1  341 көрілім

Түркістан облыстық мобильді қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қалалық сотта отбасылық дауларға қатысты арызданушылармен кездесті. Жүздесу барысында отбасы құндылықтары баяндалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл ҚР жоғарғы сотының отбасылық сот пилоттық жобасы аясында жүзеге асып отыр. Басқосуды қалалық соттың судьясы Қ.Чингиспаева ашып, жүргізіп отырды. Әрбір жанұядағы жайттармен таныс екендігін алға тартқан судья, келушілерге кездесудің берері мол екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, мобильді қызмет көрсету орталығының психологі Ш.Абдирахманова мен әлеуметтік қызметкері Мира Алтыбаева орталық тарапынан көрсетілетін көмектің түрлеріне тоқталды. Егер сізге күш көрсетсе немесе келеңсіз жағдай орын алса, сенім телефоны тәулік бойы жұмыс жасайтындығын айтып өтті. Бұдан кейін мамандар жеке қабылдауға өткізіп, жанұядағы түйіткілді мәселелері бар адамдардың уәждерін тыңдап, оның түйінін тарқатуға сеп болды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында ашылған мобильді қызмет көрсету орталығы өткен алты ай ішінде көмекке жүгінген жандарға қол ұшын созып келеді. Құрамында психолог, әлеуметтанушы, заңгер, психиатор мамандар бар. Зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыс жасайтын мекеменің сенім телефоны +7(7253-3) 7-23-83. Келеңсіз жайт орын алса, келіп түскен хабарлама бойынша тұрғылықты жеріңізде көмек көрсетіледі.

Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы