АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЯСЫНДА АРНАЙЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ

1  801 көрілім

Киелі өңірімізде түрлі бастамаларды іске асырып, мақсатты жұмыс жүргізіп жатқан «Түркістан – адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі жанынан лекторлық топтар құрылған болатын. Бүгінгі күні облысымызға қарасты барлық аудан мен қалалардан жасақталған лекторлық топ мүшелері сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алуда жұмыла жұмыс атқарып, қоғам індетімен қарсы күресуде белсенділік танытып келеді.

Осыған орай, бүгін Қазақстан  Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті   мен Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының бірігіп ұйымдастыруымен лекторлық топ мүшелерінің жұмысын тиімді жүзеге асыру мақсатында «Парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негіздері» тақырыбында тренинг өтті.

Оқыту жиынында филиал директоры Ж.Момынқұлов, филиалдың аға оқытушысы Н.Ермаханұлы, «Түркістан – адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің менеджері Н.Абуова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жан – жақты тоқталып, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының мемлекет алдындағы маңыздылығын түсіндірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы