«ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС-2022» АШЫҚ АЛАҢ ОЙЫН ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

618 көрілім

Балалар жылына орай облыс орталығында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан шараның бірі – «Жазғы демалыс-2022» ашық алаң ойындары. Шараның бірінші күнінде төрт команда футбол ойынынан жүлделі орындарды өзара бөлісті.Қатысушылар 10-13 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Алғашқы ойында Бекзат мөлтек ауданының «Бекзат» командасы бірінші орынды иеленіп, Тұран командасы екінші орынға жайғасты, үшінші орынды Сауран секторының «Жалын» командасы иемденді.Аталған шара ай соңына дейін жалғасады. Келесі ойын Отырар мөлтек ауданының №11 – №16 көпқабатты тұрғын үйлері алаңдарында өтеді. Іріктеу ойындарынан жеңімпаз атанған командалар “Спорт күнінде” бас жүлде үшін бақ сынасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы