ЕЛ АНАСЫ ӨМІРДЕН ӨТТІ

1  989 көрілім

Батыр ана Елена Төлеуліқызы 83 жастан асқанда өмірден өтті.
Елена Төлеуліқызы 1936 жылы 1 маусымда дүниеге келді. Елена Төлеуліқызы 7 ұл мен 1 қызды дүниеге әкеліп, олардан 35 немере, 25 шөбере сүйген қазыналы қария.

«Алып та анадан туады» дейді қазақ. Елена ана өзінің ғұмырында көп балалы батыр ана ғана емес, қоғамның тұтқасы болар азаматтарды тәрбиелеген жан. Отағасы Елтай Бимаханбетұлы екеуі 8 ұл-қызының барлығына да жоғары білім, өнегелі тәрбие беріп, бір әулеттін ғана емес, елдің анасы бола білді.

Түркістан қаласының Құрметті азаматы, ақын, драматург, «Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық байқауының алғашқы жеңімпазы Елтай Бимаханбетұлының Құдай қосқан қосағы Елена ананың есімі қашанда мақтанышпен ауызға алынары хақ.
Бимаханбет әулетіне қайғыларына ортақтаса отырып көңіл айтамыз. Елена анамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқалы болсын!
Түркістан қаласы әкімдігі, қалалық мәслихаты,
қалалық ардагерлер кеңесі, «Түркістан» газетінің ұжымы.

Ел естісін, көз көрсін ажарыңды,
Апа бізге ғұмырың таза үлгі.
Ғажайып, жұмағыңның төрін берші,
Құдайым, алған болсаң ғажабымды.

Қайғы екен, апа, орның босап тұрса,
Бір ғасырда біртуарсың ұқсап туса.
Сабырыма шек бермесін, дегенмен де,
Бүгін әлсіз болайын, рұқсат болса.

Әсел ЕЛТАЙ,
немересі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы