Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов қаладағы базарларды аралап, тауарлардың қазіргі бағасын бақылады. Қала әкімдігі заң аясында тиісті жұмыстар атқарылғанына қарамастан тауарлардың басым бөлігінің бағасы әлі де жоғары екендігін көрді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстарын қарқындатып, құзыретті орган басшылығына ұсыныс-өтініштер қайта жолдану жұмыстары жүргізілмек. Айта кетейік, қазіргі таңда шекер бағасы 690 -720 тг, картоп 160-200тг, күнбағыс майы 850тг, үн (кг)-210тг болып сатылуда.