ҰЛТТЫҚ ЖОБА ҰТЫМДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ

924 көрілім

Қазақстанда мемлекеттік бағдарламалардың көбі қағаз жүзінде орындалып, олардың игілігін халық көре бермейтінін Мемлекет басшысы да, Парламент депутаттары да бірнеше рет айтып, Үкімет пен жергілікті әкімдіктерді сынап жүрді. Президент көбісі қағаз жүзінде қалып, нәтиже бермейтін мемлекеттік бағдарламаларды Ұлттық Жоба форматына айналдырып, бақылауды күшейтуді тапсырған-ды. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін қолға алынған ұлттық жобалардың бірі – «Білімді ұлт» сапалы білім беру» жобасы. Аталған жоба толықтай жүзеге асса елде балабақша, үш ауысымды мектеп секілді проблемалар шешімін табады деген-ді жобаны таныстырған ведмоство басшысы А.Аймағамбетов.

Сонымен өткен жылдың күзінде барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы қабылданған болатын. Біз ұлттық жобаның облыс деңгейінде жүзеге асырылуы барысы, орын алып жатқан оң өзгерістер, туындаған мәселелер төңірегінде Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Садыкова Ардак Мадыханқызымен сұхбаттасқан едік.

– Ардақ Мадыханқызы, өзіңізге мәлім жобада төрт бағыт бойынша бес міндет бекітілген болатын. Бірінші міндет бойынша – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі және сапасын қамтамасыз ету қарастырылған. Нәтижеде: «2025 жылға қарай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға, 3 жастан 6 жасқа дейін 100%-ға жетеді», – делін-ген. Осы бағытта облыста қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Мектепке дейінгі білім беру саласында қандай өзгерістер болып жатыр, таратып айтсаңыз.

– Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы бекітілген. Ұлттық жобада «Балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту» индикаторы бойынша «2-6 жас» және «3-6 жас» санаттары қарастырылған.

2020-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобада 2022 жылы жыл соңына 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамту 84,1%, 3-6 жастағы балаларды 99,3% көзделген. Алайда, ҚР Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасында түзілген меморандумда 2022 жылдың соңына дейін 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 97,9%, 3-6 жас аралығындағы балаларды 100 % қамту көзделген.

Бүгінгі таңда 1363 мектепке дейінгі ұйымдар бар. Оның:

267- мемлекеттік ( 35663 бала)

1007- жекеменшік (115201 бала)

89 – мектеп жанындағы шағын орталық (3653 бала). Онда 1-6 жастағы 154517 бала (одан бөлек мектептерде 5-6 жастағы 39438 бала мектепалды даярлықпен қамтылған) қамтылып, ол методикаға сәйкес 97,4%-ды, оның ішінде 2-6 жастағы 129924 бала, ол 97,6%-ды, 3-6 жастағы 107565 бала, 98,9 % құрады.

Жалпы, мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 73,9% жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды.

2019 жылдан бастап меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан балабақшаларға (кезекке қою құжаттарды қабылдау, балабақшаға қабылдау, шығару және жолдама беру) «Balabagsha.snation.kz» жүйесімен толық автоматтандырылған.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдама беру, құжаттарды қабылдау, балабақшаға қабылдау, шығару) ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету №254 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға оң септігін тигізуде және мемлекеттік органдардың қатысуынсыз ата-аналар өздері таңдаған балабақшаға жолдама алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты, тиімді пайдалану мақсатында басқарма тарапынан мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыруды есептеу бойынша SmartNation.kz порталына облыста бірыңғай «Балаларды белгілеу электронды табельдер мен журналдарды» ағымдағы жылғы ақпан айынан бастап автоматтандырылған.

– Ұлттық жобаның екінші міндеті – орта білім беру сапасын арттыру. Атап айтқанда, өңірлер, қалалық және ауылдық мектептер (PISA – ағылш. Programme for International Student Assessment, қысқаша PISA, қазақ тілінде – Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы) арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту, деп көрсетілді. Облыста орта білім беру сапасын арттыру бойынша қандай кешенді шаралар қабылданбақ? Қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр, білім сапасын арттыру бойынша? Расында, 2025 жылға қарай білім сапасы бойынша ауыл мектептері мен қала мектептерінде көп айырмашылық болмайды ма?

– PISA халықаралық зерттеуі (ағылш. Programme for International Student Assessment, қысқаша PISA, қазақ тілінде – Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы) – үш жылдық мерзіммен өткізіледі. Халықаралық зерттеуге білім беру ұйымдарынан 15 жастағы оқушылар қатысады. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы және оқу сауаттылығы.

PISA-2018 халықаралық зерттеуіне облыстағы 35 білім мекемесінен 820 білім алушы қатысып, жаратылыстану бағытынан – 373 (2015 ж – 430 балл), математика – 401 (2015 ж – 433 балл), оқу сауаттылығынан – 368 (2015 ж – 400 балл) балл жинады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №103 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылғы 4 – 29 сәуір аралығында облыстағы 27 білім беру ұйымдары (25-мектеп, 2-колледж) PISA – 2022 халықаралық зерттеуіне қатысты. Барлығы 881 (99,3%) білім алушыға зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысы Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымымен зерделеніп, нәтижесі 1 жылдан кейін шығарылатын болады. Жалпы, облыста «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы жоспар бойынша жүйелі жүргізіліп келеді.

– Жобада: «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандарт өзгертіледі» деген мәселе қозғалды. Расында, қазіргі балаларда қозғалыс аз, гаджетке телміріп, роботқа айналып бара жатқандай. Жобаның бұл қағидаты құптарлық екен. Бұл бойынша облыстағы білім беру мекемелерінде қандай ілгерілеушілік бар?

– ОЙЫН – физикалық тұрғыдан өмірлік маңызы бар негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін аса қажетті болып табылмаса да, алайда ойын балалардың дамуы барысында оқытудың кең ауқымын қамтиды және эмоционалдық әл-ахуалын демеп отыратыны белгілі. «Ойын арқылы оқыту» балалардың танымдық қызығушылығын арттырады.

Ойын арқылы оқытуда ұйымдастырылған оқу қызметерінде, ойын тәсілдері арқылы балалардың пікірімен санасуды, ойын арқылы нәтижені болжауды, өз бетінше іс-әрекеттер жоспарлауды, мақсатқа жету жолдарын айқындауды үйретуге болады. Балалардың бойында қазіргі әлемде қажет болатын шығармашылық қиялын, креативтіліктерін дамытуда, мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы оқыту процесі кеңінен қолданылып іске асырылуда.

– Жобаның төртінші міндеті бойынша: 2025 жылға қарай жастардың 100 пайызы қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жоба жүзеге асқанда, өз кезегінде қоғамдағы NEET санатындағы жастар үлесінің төмендеуі мүмкін деген болжам бар. Бұл, әлбетте жағымды жаңалық. Жылдағыдан қарағанда техникалық-кәсіптік білім беретін колледждерге гранттар көп бөлінеді ме, қалай? Осы жағын таратып айтып берсеңіз.

– Жалпы, облыста Түркістан 55 колледж бар, оның 28-і – мемлекеттік, 27-і – жеке меншік. Жыл сайын облыстық бюджеттен колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді. Былтырғы жылы облыстық бюджет тапсырысы бойынша 6092 орын ғана бөлінген еді. Биыл «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде біздің облысқа республикалық бюджеттен 10 000 орын, облыстық бюджеттен қосымша тағы 7000 орынға келісім болды. Аталған мәселе бойынша комиссия отырысы осы жылдың 30 мамыр күні болып өтті. Сол комиссия отырысы шешімімен биылғы оқу жылына жалпы 17000 орынға техника және кәсіптік орта білімінен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Бюджеттік орындар 71 мамандық бойынша бөлінді. Яғни, білім бейіні бойынша – 600, өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша – 450 орын, кәсіпкерлік басқару және құқық саласы бойынша 175 орын, ақпараттық-коммуникация технолгиялары бойынша – 1400, инеженрлік өңдеу және құрылысы салалары бойынша 10720, орман және балық шаруашылығы, ветеринария саласы бойынша 1125, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтатмасыз ету саласы – 575, қызметтер саласы бойынша – 1905 орын бөлініп отыр. Жалпы, 14980 орын 9-сынып бітірушілері үшін 2020 орын 11 сынып бітірушілер үшін қарастырылған. Жалпы, Ұлттық Жоба аясында мемлекет тарапынан 10 000 орынның бөлінуі жастарымыз үшін қолдау деп санаймын. Бірінші кезекте мектептен кейін оқымай кеткен, білім ала алмай жүрген, Neet санатындағы жастардың білім алып, мамандық алып, кәсіп игеруіне жол ашпақ. Екінші жағынан, биылғы мектеп түлектері үшін тегін, ақысыз техникалық біліммен қамту. Басымдық келетін болсақ, ең көп, яғни 10720 орын техникалық және технологиялық мамандықтарға бөлініп отыр.

Жыл басында Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде техникалық білімге басымдық беру туралы айтып өтті. «Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет», – деген болатын Президент өз сөзінде. Облыс көлемінде де колледждерде білім беру саласында техникалық мамандықтарға басымдық берілуі мемлекеттің білім беру саясатымен астасып жатқанын айтқым келеді.

-Мазмұнды сұхбатыңыз үшін рахмет.

Сұхбаттасқан:

Әтіргүл ТӘШІМ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы