ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАР САНЫНЫҢ КӨБЕЮ ҚАРҚЫНЫ МЕГАПОЛИСТЕРМЕН ТЕҢЕСТІ

2  333 көрілім

Түркістанда халық саны көбеюде. 50 мыңнан жоғары тұрғындары бар еліміздің көптеген қалаларында бірінші жартыжылдық нәтижесінде халықтың өсімі байқалған. Миллиондар қаласы аталған шаһарлармен қатар Түркістанның да бәсі биік болып тұр.

Нақты айтсақ, 2,4 пайыз өсім бойынша көш басын астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы еншілеген. Ал, облыс орталығына айналған көне қала Түркістанда өсім деңгейі +2,1 пайызды құрап, Елордамыздан кейінгі орынға тұрақтаған. Одан әрі бұл тізімді Шымкент (+1,5) пен Алматы және Ақтөбе (+1,2) , Қызылорда, Орал, Құлсары (1) қалалары толықтырған. Жалпы, еліміздегі 31 қаланың 19-нан биылғы жартыжылдық ішінде осындай өсім байқалған екен.
(Ақпарат vlast.kz сайтынан алынды)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы