«SARAP» ЭКСПЕРТТІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

421 көрілім

Шаһардағы қала әкімдігінің мәжіліс залында «Sarap» эксперттік клубының аймақтық «Конституциялық референдум: қоғам дамуының болашағы» атты отырысы болып өтті.
Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырған атаулы шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, Қазақстанның қоғамдық даму институтының сарапшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметкерлері, сондай-ақ Zoom платформасы арқылы онлайн форматта Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әсем Қайдарованың модераторлығымен өткен шара шаһар әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаевтың алғы сөзімен ашылып, келесі кезектерде облыстық «Ақпараттық талдау орталығы» КММ басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейдулла Айкозов, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ орталығының стратегиялық талдау тобының жетекшісі Лязат Нұрқатова, саясаттанушы Аян Сакошевтер жеке-жеке баяндама жасады.


«Ағымдағы жылдың 5 маусымында референдумның өтуі жоспарлануда. Осыған орай қоғамдық штабтар құрылып, халықты кеңінен хабардар ету мақсатында барлық жерде кездесулер өтуде. Бұл референдум заңнама түрінде еліміздің алдағы дамуына бағыт-бағдар беретін өзгерістерге әкеледі. Сондықтан референдумға қатысу әр адамның азаматтық борышы деп есептеймін», – деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы.

Жиын барысында қатысушылар ел дамуындағы Конституцияның рөлі мен Жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын жан-жақты талқылады. 5 маусымда өткізілетін референдумның мәні мен маңызына, оның халықтың келешегіне қызметі хақында сарабдал ойлар айтылып, түрлі пікірлер ортаға салынды.


Енді бір сөзбен айтқанда, Ата Заңымыздың 30-дан астам бабына енгізілетін өзгерістер мен 20-дан астам қабылданатын заңдардың еліміздегі жүйенің түбегейлі өзгеруіне оң ықпал ететіні сөз болып, қатысушылар референдумды өткізуді бірауыздан қолдады.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы