“MUZDAY” АТТЫ ҚАЛА ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН КӨҢІЛДІ КЕШ ӨТТІ

555 көрілім

Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Түркі бағы” саябағында “MUZday” атты қала жастарына арналған көңілді кеш өтті. Музыкалық кеш позитивті эмоцияларға толы болды.

Еркін түрде өткен кеште Түркістан облыстық “Jas Otan” жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұман және Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Букебаев жылы лебіздерін білдірді.

Жалғасын тапқан көңілді кешке тосыннан Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Рустам Әшетаев, Халықаралық қазақ түрік университетінің ректоры Жанар Амангелдіқызы, Халықаралық қазақ түрік университетінің рухани жаңғыру ғылыми зерттеу орталығының директоры Әдемау Толысбаева қонақ болды. Алдағы уақытта бұл кеш жалғасын табады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы