ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

223 көрілім

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатында кезекті тұрақты комиссия отырысы онлайн және офлайн форматта болып өтті. Отырысқа қала әкмінің орынбасары Талғат Байжанұлы қатысты. «Nur Otan» партиясының мәслихат депутаты ретінде отырысқа Аманжол Данаханұлы, Айгүл Тілепова, Сәкен Хандиллаев, Тәжібек Мұсаевтар қатысты.

Күн тәртібінде «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы», яғни бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар, қалалық мәслихат хатшысының және тұрақты комиссиялар төрағаларының 2021 жылғы атқарған жұмыстары туралы мәслихат хатшысы мен тұрақты комиссиялар төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Қалалық мәслихаттың 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы, қалалық мәслихаттың және оның аппаратының 2022 жылға арналған шығындар сметасын бекіту туралы Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы баяндама жасап, аталған мәселеге кеңінен тоқталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы