ТҮРКІСТАН 2020 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚТАЙ ГАЗДАНДЫРЫЛАДЫ

2  877 көрілім

Бүгінде Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан қаланы газдандыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, Иассы мөлтек ауданы, Ыждыхат тұрғын үй массивін газдандыру бойынша мұндағы абонент саны – 4161 үй, 112,1 шақырым газ құбыры, ал Отырар мөлтек ауданы, ХҚТУ тұрғын үй массиві бойынша абонент саны – 5025, 115,9 шақырым газ құбырлары монтаждалып отыр. Жұмыс осы жылы аяқталады.


Сонымен қатар, Отырар мөлтек ауданы, Коммунизм аумағы бойынша абонент саны – 3505 үй, 74,6 шақырымы газ құбыры монтаждалса, Шавгар мөлтек ауданы, Ортақ тұрғын үй массиві бойынша абонент саны – 4424 үй, шкафты газ реттеуші пунктінің 958 дана жәшіктерінің тіреуіштері бетондалды.
Бекзат мөлтек ауданы бойынша абонент саны – 2954 үй. Нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қысымдау жұмыстары жүргізілуде. Ал, Ремзауыт аумағы, жаңа құрылыс, қаланың орталығы бойынша абонент саны – 5676. Қазіргі таңда аталған, аумақтарға инженирингтік қызмет көрсетуші мекемелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда тас жолы Иассы және Сауран мөлтек ауданы, Баянауыл аумағы бойынша абонент саны – 3036 болса, аталған тұрғындармен келісім-шарт түзу жұмыстары атқарылуда.


Шавгар мөлтек ауданы, Шипа су, Коммунизм аумағын газдандыру бойынша абонент саны – 6543 құраса, олармен келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. Ал, Иассы мөлтек ауданы, Тұран және Оралман тұрғын үй массивін газдандыру бойынша абонент саны – 6195 үйді құрайды. Қазіргі таңда аталған нысандарда инженирингтік қызмет көрсетуші мекемелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Түркістан халқын газдандыру жұмыстары 2019-2020 жылдары толықтай аяқталатын болады.
Түркістан қаласының әкімдігі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы