ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУҒА НЕГІЗ ҚАЛАНДЫ

725 көрілім

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «20 ғасырдың 20-50ж.ж Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: себептері мен салдары» атты халықаралық конференция өткізілді.

   Конференцияның негізгі бағыттары жеті сала бойынша сарапталды. Оның ішінде Кеңес өкіметінің дінге қатысты саясаты, Тәуелсіз Қазақстандағы қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мен оларды зерттеу бағытындағы іс шаралар, Қазақстандағы коллективтендіру саясатының зардаптары мен ауа көшу қасіреті, қолдан жасалған ашаршылық және оның салдары, күштеп жер аудару мен депортация жайы, «Түркістан легионы» туралы тың деректер, Алаш қозғалысының құндылықтық сипаты тақырыптарында ғалымдар мен еріктілердің ғылыми-іздестру жұмыстарының қорытындылары жарияланды. Сондай ақ бұл аса маңызды мәселеге студенттер мен өлкетанушыларды, тарихшыларды тарта отырып, шындыққа көз жеткізіп, ақтаңдақ жылдардың қасыретінен зардап шеккендерді түбегейлі ақтап алу жайлары қарастырылды.

Халықаралық конференцияға ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова қатысып, Түркістан облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша облыстық комиссия мен жұмыс тобына табыс тіледі. Алдағы уақытта университеттегі бірнеше факультеттердің студенттерінен экспедиция жасақтап, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыстарды кешенді түрде жалғастыруға бағыт ұсталды.

Ескендір ЕРТАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы