ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

891 көрілім

Түркістан қаласы аумағында 2021 жылдың 3 желтоқсан сағат: 9.00-де оқу жаттығу дабылы қағылатыны жөнінде бұған дейін барлық әлеуметтік желілерде хабарланған болатын. Осыған байланысты, қала көлемінде орнатылған құлақтандыру жүйелерінің жай-күйін тексеру мақсатында оқу-жаттығу жиыны өткізілді.


Бүгінгі таңда, Түркістан қаласы аумағында 34 құлақтандыру жүйесі орнатылған. Осы жүйелердің қалыпты жұмыс жағдайын тексеру мақсатында 3 желтоқсан күні таңғы сағат 9.00-де халықты хабарландырудың барлық жүйелері іске қосылып, дабыл қағылды. Бұл дыбыстық сигнал – қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезінде халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.


Бұл жөнінде Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев кеңінен түсіндіріп өтті.

  • «2021 жылдың 2-3 желтоқсан аралығында Түркістан қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және орын алған жағдайдағы басқару органдарымен, азаматтық қорғау және авариялық құтқару қызметкерлерінің әрекеттері тақырыбында кешенді оқу жаттығу жиыны өткізілуде. Оқу жаттығу жиыны барысында Түркістан қаласы аумағында орын алуы мүмкін табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың барлық шараларын қабылдап, тек қана қарап қоймай, осы бағыттардағы күш пен қажетті құралдардың өзара әрекеттері пысықталуда. Атап айтатын болсақ, 3 желтоқсан күні бүкіл қала бойынша электр дауыс беру ұлғайтқыштары арқылы сағат: 9.00-де дабыл берілді, бұл бойынша алдын ала хабарланған, дабыл кезінде Түркістан қаласы сейсмикалық қауіпті аумаққа жатқандықтан 7 балдық жер сілкінісі орын алды деген дабыл түседі. Осы дабылға сәйкес, қала аумағындағы барлық нысандарда сейсмикалық оқу жаттығу өткізілді. Бұл жөнінде қала әкімінің арнайы шешімі шыққан, – дейді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерік Темірханұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы