БАЗАРЛАРДА БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

835 көрілім

Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қаладағы «Қуаныш» орталық және «Азиз» базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларына тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері рейдтік шараларын жүргізді. Жұмысшы топ құрамында Түркістан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда бөлімінің басшысы Д.Серғазиев, Түркістан қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Г.Даханова және тиісті сала мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Құрбан айт мейрамына орай, елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының негізсіз өсуіне байланысты Түркістан қаласындағы орталық «Қуаныш» және «Азиз» базарларындағы кәсіпкерлерге ретсіз бағаны көтермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұндай рейдік шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болды», – дейді кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда бөлімінің басшысы Данияр Асқарұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы