ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

793 көрілім

Өткен сенбіде қоршаған ортаны қорғау, айналаны таза ұстау мақсатында шаһар тұрғындарының қатысуымен жалпықалалық тазалық науқаны басталды.

Шараға қала тұрғындары, мекемелер, халық қалаулылары, жастар тарабы болып бірлігін танытты. Күн сайын түрленген Түркістан тазалығы үшін көп болып жұдырықтай жұмылып, өз аумақтарының қоқысын тазалап, сонымен бірге экологияны жақсарта түсу мақсатында ағаш егу жұмыстарына да атсалысты.

Тазалық науқаны аясында дендросаябағында 124 түп қарағай егу жұмысы белсенді жүргізілді. Атаулы саябаққа алдағы уақытта 12 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Сонымен бірге, кезекті науқан Тікұшақ алаңы, Майлин сквері, Жандосов, Ерубаев көшелерінде бір уақытта жалғасын тапқан. Ол жерлерде шынар, терек, қарағаш сынды 1456 ағаш егіледі деп жоспарланып отыр. Ал, шаһар тұрғындары осы күні 150 түп көшет еккен. Тазалық барысында көше бойлары мен арықшалардағы қоқыстар да тазартылған.

Осы бір игі бастама алдағы сенбілерде өз жалғасын тауып отырмақ. Дүйсенбі күнгі қала әкімдігінде өткен арнайы мәжілісте келесі жолғы жұмыстар пысықталып, алғашқы тазалық науқанына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттау жағы да қарастырылған.

«Түркістан-Ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы