«КЕДЕЙ ҚЫЗЫ» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

2  202 көрілім

Облыстық жастар ресурстық орталығының акт залында жас жазушы Абылайхан Есімбайдың «Кедей қызы» атты тұңғыш прозалық жинағының тұсау кесері болып өтті.

Атаулы шараға сазгер, ғалым-ұстаз Бекжігіт Сердәлі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Серікұлы, «Түркістан» газетінің директор-редакторы Мәлік Дәулетов, «Кентау шұғыласы» газетінің редакторы Қайрат Зайнишевтар мен оқырман қауым, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кешті Қазақстан Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібаев басқарып, жүргізіп отырды. Жиын барысында жаңа кітап жайлы таныстырылып, қонақтар тарапынан өрелі ойлар мен жас жазушыға ақ тілектер айтылды. Оқырмандардан жаңа кітап жайлы сұрақтар қойылып, оған автор өз деңгейінде жауаптар берді.

Айта кетейік, Абылайхан Есімбай 1994 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел атындағы университеттің түлегі. 2016-2018 жылдары республикалық «Рейтинг» газетінде тілші қызметін атқарған. 2018 жылдан бастап «Oinet.kz» сайтында бас редактор болып жұмыс істеп келеді. Бірнеше республикалық, облыстық, қалалық әдеби байқаулардың жүлдегері. Атаулы шығарма автордың алғашқы жинағы болып табылады. Кітап Алматы қаласындағы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген. Алғы сөзін аса көрнекті жазушы Мархабат Байғұт жазған. Жинақта «Кедей қызы», «Түн ортасы ауғанда», «Жазушы» қатарлы тоғыз повесттер мен әңгімелер жинақталған.

Үмітбек БАҒДАТ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы