«ТАЙҚАЗАН» ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

885 көрілім

Қаламызда «Тайқазан» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен және «Асар» еріктілер ұйымының, сондай-ақ, «Мейірімді сана» мүмкіндігі шектеулі қоғамдық қорының қолдауымен «Тайқазан» әлеуметтік дүкенінің ашылу рәсімі өтті.

Салатанатты шараға қала әкімі Рашид Аюпов, «Тұран-Түркістан» телеарнасының директоры Мұрат Бекбаев, «Тайқазан» қайырымдылық қорының төрағасы Төребай Асқарұлы, «Мейірімді сана» мүмкіндігі шектеулі қоғамдық қорының төрайымы Айгерім Айтаханова, еріктілер мен жайдарманшылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Қала әкімі Рашид Аюпов киелі Түркістан қаласында керемет бастама көтеріліп, қайырымыдылықтың ғаламат үлгісі көрсетіліп отырғанын тілге тиек етіп, көмекке мұқтаж жандарға қол-ұшын созған еріктілерге алғысын білдірді.

 «Тайқазан» әлеуметтік дүкенінде жағдайы төмен жандарға тегін азық-түлік пен киім-кешек тарқатылады.

 Әлеуметтік дүкен – алдағы уақытта көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық шараларын жалғастыра беретін болады, – деді «Мейірімді сана» мүмкіндігі шектеулі қоғамдық қорының төрайымы Айгерім Айтаханова.

Еріктілікті еріктілер жылымен ғана өлшемей, елге жанашыр болып, қайырлы істің қасынан табылып жүрген жандарға «Жыл жанашыры» атты арнайы кубоктар мен алғыс хаттар және медальдар табысталды.

Сонымен қатар, жас ақын Еламан Төлеутай жырдан шашу шашыпжиын соңы халқымыздың керемет дәстүрі «Тұсау кесер» рәсіміне жалғасты.

Алтынай Алмасқызы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы