ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АЛДЫНА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ

448 көрілім

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Ашық әкімдік» жүйесі аясында, Түркістан қаласы тұрғындарынан қала әкімі мен әкімдіктің әлеуметтік желі парақшаларына келген өтінімдерге байланысты «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесіне заманауи бейнебақылау жүйесі орнатылды.
Қала басшысы Рашид Абатұлы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, қалалық полиция басқармасының басшысы Бауыржан Селтанов және өзге де азаматтар 109 – Бірыңғай байланыс орталығында орналасқан бейнекамералардың жұмысымен танысты.

Орталықта 18 бейнекамера дауыс жазу құралымен қабылдау бөліміне қойылған болса, 3 камера сигналды құрылғымен қамтылған.
«Бізге қаржы жинау бойынша көптеген өтінімдер келіп түскен болатын. Бұл тәжірибе оң шешімін тапса, алдағы уақытта әкімдіктің бүкіл бөліміне орнатамыз деген жоспарымыз бар. Нәтиже береді деген ойдамыз. Сіздер ұсындыңыздар, халық күтті», – деген Рашид Абатұлы жүйенің тиімділігіне тоқталып өтті.
Департаменттер басшылығы да республика бойынша алғаш болып іске асқан жүйеге жоғары бағасын берді. Бұл мамандарды тәртіпке шақырып, кадрлық шешім қабылдауға оңтайлы жүйе екендігін де айта өтті. Сондай-ақ, сервистік әкімдік бойынша сапаны бақылауға өзге аудандарға да ұсыныс тастайтындықтарын жеткізді.

Жалпы, мұнда орталыққа келуші санын санау аналитикасы, бір жерде көп шоғырланған адамдарды іздеу аналитикасы, ұмытылған заттарды табу аналитикасы және кезек детекторы мен саботаж детекторы (егерде орнатылған камеранының шолуын өшірсе телеграм-ботқа хабарлама келеді) қызметкердің жұмыс тиімділігін санау аналитикалары болады. Ал, аталған жүйенің мәліметтері Түркістан қаласы 109 – Бірыңғай байланыс орталығының арнайы жасалған телеграм-бот қосымшасына хабарлама арқылы келіп, мәліметтер орталық сарапшылары тарапынан қадағаланып тұрады.
Айта кететін жайт, заманауи бейнебақылау жүйесі арқылы қызмет алушы (қызмет алушы рұқсатымен) мен қызмет беруші арасындағы сұқбат онлайн режимде http://www.turkistan2020.kz сайтында жүргізілетін болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта жұмыс барысы «Amazing Turkistan» мобильді қосымшасына біріктіріліп, аталған жүйеден де көруге мүмкіндік туатын болмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы