ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ДЕ ҚАТЫНАЙДЫ

844 көрілім

Түркістан қаласында қоғамдық көліктер сенбі-жексенбі күндері де халыққа қызмет етуін жалғастыратын болады. Жұмыс жасау барысында санитарлық талаптар да естен шығарылмайды. Бұл жөнінде қала әкімі Рашид Аюпов facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жазды.

“Құрметті жерлестер! Қадірменді Түркістан қаласы тұрғындары!Сіздердің тараптарыңыздан түсіп жатқан сұранысқа байланысты, облысымыздың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің соңғы қаулысына сай ертеңгі күннен бастап, әр сенбі-жексенбі күндері де қоғамдық көліктер өз қызметін жалғастырады. Қала статусы өзгеруіне байланысты тұрғындар саны артып жатқанын барлығымыз білеміз. Бұған қоса, күнделікті өмір сапасы жақсара түсу қажеттілігінің маңызын да түсінеміз. Осы мақсатта едәуір жұмыстар атқарылып жатыр. Мүмкіндігінше сіздерді хабардар етіп келеміз. Өздеріңіз де куәсіздер. Дегенмен, қанша қаласақ та, әп сәтте шешіле қоймайтын мәселелер көп. Көздеген мақсатымыз автобустарды жаңалап, санын арттыру екенін ертеректе айтқан едік. Қазіргі таңның өзінде, бұл ойымызды іске асыру үшін келіссөздер жүргізіліп, құжаттық жұмыстар атқарылып жатыр. Біршама жаңа көліктер де қала көшелеріне шықты. Баршамызға кесірі тиген індет бұл саланы да айналып өтпей, жоспарлаған уақыттан кідіріп жатыр. Қолдан келер шара болмаса да, ертерек біте қоймаған қолайсыздық үшін кешірім өтінемін. Қол қусырып отыр деп ойламауларыңызды сұраймын. Халық игілігі үшін қажетті барлық іс-шаралар жасалуы үшін барымызды салып жатырмыз. Және де, барынша сақтық шараларын ұстануларыңызды сұраймын. Қоғамдық көлік қызметкерлерінен талап етуге құқылысыздар. Тіпті, әр біріміз ескертіп, қоғам мүшесі ретінде, талап етуге міндеттіміз дер едім. Ереже бұзылған жағдайда дереу фотофиксация жасап, Amazing Turkistan қондырғысы арқылы шағым жіберсеңіздер болатынын естеріңізге саламын” – делінген жазбада.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы