БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ КЕЗЕКШІ ТОПТАРДА ОҚЫТЫЛУДА

1  292 көрілім

ІІ тоқсанды Түркістан қаласындағы 39 мектеп 44372 оқушымен бастады. І тоқсанда 1-сынып оқушылары мектеп қабырғасында яғни кезекші сыныптарда білім алған болса, енді ата-аналарының өтініші негізінде 2-4 сынып оқушылары да осындай кезекші сыныптарда дәстүрлі оқуға мүмкіндік алды. Қаладағы 39 мектептегі 1039 кезекші топтарда 13253 оқушы білім алуда. Нақтырақ айтсақ, 1-сыныптардағы 402 топта 5089 оқушы, 2-сыныптардағы 242 топта 3139 оқушы, 3-сыныптардағы 202 топта 2559 оқушы, 4-сыныптардағы 187 топта 2385 оқушы бар.Егер бала кезекші сыныпта оқитын болса, онда барлық тапсырма бұрынғыдай қалыпты форматта беріледі. Яғни, бала сыныпта оқиды, ал үй тапсырмасын үйде оқулық бойынша орындайды.1-4 сынып аралығындағы топтарға тек ата-аналары өтініш жасаған оқушылар ғана қабылдануда. Ал, ата-аналары кезекші сыныптарда оқуға өтініш білдірмеген оқушылар қашықтықтан білім алатын болады.Кезекші сыныптарда барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтаумен әдеттегідей оқытылады. Мектептерде санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген. Оқушылар 10-15 баладан аспайтын шағын топтарға бөлінген. Балалар тек бір кабинетте оқиды, әр уақыттағы үзілістерде, кіру кезінде температураны өлшеу, желдету, кварцтау және ылғалды тазалау режимдері қолға алынған. Әлеуметтік қашықтықты ұйымдастыру үшін оқыту ауысымы, оқу күндері кезектестірілді. Сонымен қатар, пәндердің бір бөлігі қашықтықтан оқытылады. Кезекші топтарда балаларға 531 мұғалім сабақ беруде.5-11 сынып оқушылары қашықтықтан білім алуды жалғастырады.

Түркістан қаласы Адами капиталды дамыту бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы