ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАҒА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР ҚАРАЛДЫ

690 көрілім

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиевтің  қатысуымен ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың  себептері мен жағдайларын жою бойынша «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ҰАК» АҚ-ның еншілес мекемесі «АППАҚ» ЖШС-нің бас директорына қатысты тіркелген қылмыстық іс бойынша жолданған ұсынымдар қаралды. Онлайн режимде өткізілген жиында «АППАҚ» ЖШС-нің бас директоры С.Т.Кабаевқа қатысты ұсынымдар «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы  Ғалымжан Пирматовтың қатысуымен тікелей эфир барысында бірлесіп қаралып, орын алған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының  себептері жіті талқыланды.               

Анықталған қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмас Тулешов сотқа жолданған ұсынымдарды баяндап,  2012 жылы Серіктестіктің бас директоры лауазымын атқарып жүрген Сейылхан Кабаев лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы өзі немесе басқа да адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мүмкіндігі бар екенін ескеріп, сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағанын мәлімдеді.   

Атап айтсақ, С.Кабаев  «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ҰАК» АҚ-ның директорлар кеңесі мен Басқарма төрағасының алдында оңды баға алу үшін  еншілес мекемелер арасында жыл сайын өткізіліп отыратын мини футбол жарысына өз мекемесінің атынан қатысатын команданың құрамын күшейту қажеттігін ойластырып, жарысқа Алматы қаласының әуесқой лигасында өнер көрсететін азаматтарды қатыстыру мақсатында оларды Серіктестіктің қосалқы қызметтеріне заңсыз жұмысқа қабылдап, оларға қосымша айлық жалақы ұсынып отырған.
 
Нәтижесінде, құрамы күшейтілген команда минифутбол турнирінде жыл сайын  жеңімпаз атанып, сәйкесінше С.Кабаев өзінің лауазымдық өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы теріс пайдалану арқылы қылмыстық ойын жүзеге асырған. Осыған орай,  жиын соңында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаға қатысты тиісті тәртіптік  шаралар қолдану ұсынылып, «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасына ұсыным ретінде жолданды.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы