МАҚТААРАЛДА ТАҒЫ БІР МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

616 көрілім

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жақын жылдарда ел экономикасындағы шағын және орта бизнес көрсеткіштері бірнеше есеге ұлғайтылуы тиіс.
Кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты – пайда. Бұл тұрғыда мемлекет халыққа жұмыс істеуге, кәсіп ашуға мүмкіндікті барынша жасап отыр. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік дамып, оған деген қызығушылық артып келеді. Өз ісін ашуға ниеттенген адамдар өз идеяларын іске асырып, өздерін, басқа да халықты жұмыспен қамтып отыр. Адал тірлік жасап, өзінің, отбасының бюджетін молайтып, мемлекетімізді байытып отырған кәсіпкерлер, шын пейілмен еткен еңбектің есесі түбінде қайтарына анық сенеді.
Орта және шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетіп келе жатқан Мақтаарал аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мамандарының қызметін пайдалана отырып өз кәсібін бастағалы отырған «АААР» ЖШС жылына 30 мың тоннаға дейінгі мақта шикізатын қайта өңдеуге қауқарлы зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Зауытқа қажетті құрал-жабдықты жеткізіп беруді Түрік елінің «DOCOTTON GROUP ITHALAT IHRACAT SAN.VETIC.a.s.» фирмасымен келісім-шарт жасасқан серіктестік басшысы Хасан Хаметов 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Өз қаржысы есебінен 1,01 млрд теңгеге негізі қаланып жатқан зауыт алдағы уақытта ауқымын кеңейтіп, тұқымдық шит пен мақта майын, мал азықтарын дайындау ісін де қолға алмақ. Бұл мақсатта Мақтаарал аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің қолдауымен мемлекеттен жеңілдетілген несие алу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, құрылыс алаңына инфрақұрылымдарды – газ, су, жарық жеткізіп беру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы